Теміртау қаласында фельдшер әйелді әріптесі аяусыз соққыға жыққан, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Almaty.tv мәліметінше, ер адам 30 жастағы фельдшерге кезекшілік кезінде шабуыл жасаған. Жас келіншекті көк таяқтың астына алған бұзақы мас болған. Ал тексеріс барысында жанжалдың қызметке еш қатысы жоғы расталды. Қазір аталған іске қатысты тергеу жүріп жатыр.
«Аталған оқиға бойынша сол күні қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысушылардың емдеу курсы аяқталғаннан кейін тиісті сараптамалар тағайындалады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру шеңберінде оқиғаның мән-жайы, сондай-ақ құқық бұзушылық жасауға себеп болған жағдайларды анықтауға бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.