Оқырман қауым әншіге қолдау білдірді.
«Қашан үйленесің?»: Димаш Құдайберген жеке өміріне қатысты сұраққа жауап берді
Фото: instagram.com/ kudaibergenov.dimash
18,634
оқылды

Әнші Димаш Құдайберген қашан үйленетіні туралы сұраққа жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Желі қолданушысы әншіден қашан отбасы құратыны жайлы сұраған.

«Енді білмеймін. Айтпаймын. Айтқым келмейді. Себебі бұл – менің жеке өмірім. Сол себепті айып етпеңіз. Көре жатармыз. Алла Тағаланың қалауымен болады ғой бәрі», – деді Димаш Құдайберген.

Оқырман қауым әншіге қолдау білдірді. 

«Жұмсақ жеткізді, ешкімді ренжітпей», «Жарайсың, бақытты бол, жақсылықтың ерте-кеші жоқ», «Бақытты бол, Димаш, тілеулеспіз. Алла қаласа адал, инабатты жар бұйырсын», «Иә, бұйырған күні үйленер, ақылды білімді Димаштай баланы бағалайтын, қолдайтын қыз жолықсын деп тілеймін», – деп жазды желі қолданушылары.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Жұлдыздар Әлемі🌟 (@zhuldystar_alemi)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.