Әнші Жазира Байырбекова ғашықтар күні қарсаңында отбасындағы ер мен әйелдің орны туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
“Жиі гүл сыйламаса да, көліктің есігін ашып бермесе де, тамағымды ішкен сайын рақмет айтпаса да жақсы өмір сүріп жатырмыз. Қазіргі психологтардың айтқанын тыңдасақ дым дұрыс өмір сүрмей жүр екенбіз. Жай, әншейін өмір сүре берейікші”, – деп жазды әнші.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнерлі жұпқа бақыт тіледі.
«Бастысы, ниет дұрыс болсын”, “Өте орынды айтты”, “Қазір психологты тыңдасаң, ажырасып тынасың”, “Біздің де отағасы гүл сыйлауды біле бермейді”, “Аппақ жігіт пен Жазира сұлу, бақытты болыңдар! – деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.