Оның мақсаты – жолдардағы өлім-жітімді азайту, – деп хабарлайды aikyn.kz Көлік министрлігіне сілтеме жасап.
Жол қауіпсіздігінің ұлттық стратегиясы әзірленіп жатыр
Фото: Интернеттен алынды
366
оқылды

Жол құрылысы саласындағы отандық ғалымдар мен инженерлер жаңа технологияларды енгізіп жатыр: жаңа буындағы көктайғаққа қарсы реагент, жолды таңбалауға арналған органикалық еритін бояу, тұтқыр полимерлі битум дайындайтын құрылғы.

Биыл  Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институты көпір құрылыстарын экспресс-диагностикалаудың жылжымалы жүйелерін іске қоса бастады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Анар Ғабдуллина айтты. Оның сөзінше, технология инженерлік шешімдер қабылдауды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, тарихта алғаш рет 70-тен астам жаңа материалға далада тестілеу жүргізіледі, бұл ең тиімді шешімдерді іріктеп алуға және енгізуге жол ашпақ.    

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.