Рейстерді Канадада өндірілген жаңа буындағы De-Havilland Dash 8-Q400 әуе кемесі орындайды.
Астана-Ақтөбе бағытында ұшу рейстерінің саны артады
Фото: istockphoto
325
оқылды

QAZAQ AIR әуекомпаниясының мәліметінше, мамыр айының басынан бастап Астана мен Ақтөбе арасындағы рейстердің жиілігі аптасына 7 реттен 8 ретке дейін артады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұшу кестесі: Сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері:

IQ 399 Астана 06:30 – Ақтөбе 08:30 IQ 400

Ақтөбе 17:00 – Астана 19:00

Дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері:

IQ 399 Астана 06:30 – Ақтөбе 08:30

IQ 400 Ақтөбе 13:50 – Астана 15:40

Қосымша рейстер (сейсенбі):

IQ 385 Астана 07:35 – Ақтөбе 09:30

IQ 386 Ақтөбе 10:00 – Астана 11:55

Рейстер санының артуы – Ақтөбе тұрғындарына елордаға іссапарлар мен жеке сапарлар үшін қолайлы әрі ыңғайлы әуе тасымалын жоспарлауға мүмкіндік береді. Жалпы компания өңіраралық әуе бағыттарының санын ұлғайтып, ел қалалары арасында тікелей және қолжетімді әуе қатынасын қамтамасыз етуді мақсат еткен.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.