Мемлекет басшысы жергілікті спортшылармен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі.
Мемлекет басшысы BS Arena спорт кешеніне барды
834
оқылды

Президент көпфункционалды спорт кешенінің қызметімен танысты.  Заманауи құрылғылармен жабдықталған нысанда халықаралық және республикалық спорт жарыстарын, сондай-ақ мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізуге болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап. 

Мұнда волейбол, баскетбол алаңқайлары, футзал, жабық және ашық теннис корттары, бассейн, жекпе-жек түрлері мен фитнеске арналған залдар, сондай-ақ футбол алаңы бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті спортшылармен әңгімелесіп, оларға сәттілік тіледі.