Ол Сызраньдағы авиациялық байланыс училищесін бітірген.
Ұлы Отан соғысында авиациялық полктің радио байланысын қамтамасыз еткен механик
istockphoto.com
620
оқылды

Павел Альбоха 1941 жылы әскери жиындарға шақырылып, кейін Сызраньдағы авиациялық байланыс училищесінде бір жарым жыл оқыды.

1943 жылы сержант шенімен 565 шабуыл авиациялық полкіне жіберілген.  2-ші және 4-ші Украин майдандарында эскадрильяның шабуылдаушы авиациялық полкінде радио байланыс жабдықтарының механигі ретінде соғысқа қатысқан. Сол жақта ұшқыштарды жермен және ұшу кезіндегі байланыспен қамтамасыз еткен.  Украина, Польша, Чехословакия, Германияны азат етуге қатысты. Соғыстан кейін құрылыс саласында жұмыс істеп, Риддердегі шағын аудандардың құрылысына атсалысқан.  

Майданда көрсеткен ерен еңбегі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені, "Праганы азат еткені үшін", "Жауынгерлік ерлігі үшін", "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін" орденімен марапатталған.