Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желіде қуанышты жаңалығын жеткізді, – деп жазды Aikyn.kz.
Ол күйеуі, әнші Райм туған күнін отбасымен жаңа үйде қарсы алғанын айтты.
"Жаңа жасын жаңа үйде қарсы алдық", - деп жазды әнші.
Алайда ол бұл үйде тұрмайтынын, балаларына арнап сатып алынғанын атап өтті.
"Туған күн, жаңа қоныспен құттықтап жатқан тілекші жандарға мың алғыс. Айтқандарыңыз келсін. Жақсы сөздеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын. Бұл үйде тұрмаймыз, күйеуім ұлдарым өскенде деп алып қойып жатыр. Алла сол күнге жеткізсін. Ал мен вилланы күтемін. Ештеңеге асығыс жоқ. Шүкір", - деп жазды әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.