Танымал блогерлер Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров заңды неке куәлігін көрсетті, – деп жазды Aikyn.kz.
Актриса желідегі парақшасында жағымды жаңалығын жария етті.
“Жаңа қадамның басы. Жаңа тарихты жазамыз”, – деп жазды Айжұлдыз Адайбекова.
Бұған дейін блогерлер мешітте некесін қиған болатын.
“Әрекет пен дұға түбі – береке. Ерлі-зайыптымыз. Қасымда болғандарыңа рақмет”, – деп жазды Айжұлдыз.
Айта кетейік, экстрим-блогер Сәкен Қағаров сүйіктісіне Исландиядағы сарқырама жанында тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.