Биылдан бастап жол-құрылыс маусымында елімізде Superpave әдістемесі бойынша жеті сынақ учаскесін салу жоспарланып отыр. Бұл туралы «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ вице-президенті Ерік Әмірбаев айтты.
Республикалық маңызы бар жолдарда Superpave технологиясы сынақтан өтеді
Фото: интернеттен алынды
340
оқылды

«Superpave (Superior Performing Asphalt Pavements) – бұл АҚШ-тың Мемлекеттік жол және көлік шенеуніктері қауымдастығы (AASHTO) әзірлеген асфальт-бетон жамылғыларын жобалау жүйесі. Аталған жүйе өңірдің температуралық ерекшеліктерін, көлік ағынының қарқындылығын және ауыр жүк көліктерінің әсерін ескеруге мүмкіндік береді», – деп атап өтті «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ вице-президенті Ерік Әмірбаев.

Бүгінде Superpave АҚШ, Канада, Қытай және Еуропа елдерінде кеңінен қолданылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.