Сонымен қатар қалада қоғамдық көліктердің бағыты да өзгереді.
Әл-Фараби көшесінің солтүстік жағы (Мұстафин көшесінен Науаи көшесіне дейін) түнгі 00:00-ден 11:00-ге дейін, 06:45-тен 09:30-ға дейін (Мұстафин көшесінен Назарбаев даңғылына дейін) жабық болады. Оңтүстік бөлігі ашық қалады.
07:10-08:30 аралығында Сейфуллин даңғылындағы көлік қозғалысы (Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін) тоқтайды.
08:30-11:00 аралығында Абай даңғылының оңтүстік жағы (Сайын көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейін) жабық болады.
07:20-09:00 аралығында Абай даңғылының оң жағы – Сейфуллин даңғылынан Байтұрсынов көшесіне дейінгі бөлігі жабылады.
08:20-10:00 аралығында Сайын көшесінің шығыс жағы (Әл-Фараби даңғылынан Абай даңғылына дейін) жабылады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.