Атмосфералық фронталды бөлімдердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады.
Қар жауып, бұрқасын соғады: сенбіге арналған ауа райы
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
2,904
оқылды

Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Елдің шығысында қар жауып, жаяу бұрқасын соғады. Тек еліміздің батысы мен орталығында антициклон әсерінен күн ашық болады.

Республика бойынша жел күшейіп, тұман түседі. Еліміздің солтүстігі мен шығысында көктайғақ болуы ықтимал.

Түнде Алматы облысының шығысы мен тау бөктерлі аудандарында, Жетісу облысының солтүстігі мен орталығында, Жамбыл облысының оңтүстігінде 1-3 градус үсік жүреді.

Астанада күн ала бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +4+6°C, желдің жылдамдығы 7-12 м/с.

Алматыда күн ала бұлтты. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз ауа температурасы +13+15°C, желдің жылдамдығы 3-8, түнде 13 м/с-ге жетуі мүмкін.

Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +18+20°C, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.