Сондай-ақ чат бот іске қосылғалы бері 527 шағым түскен. Оның аясында аумақтардағы тазалық жұмыстарының дұрыс жүргізілмеуіне, қоқыстарды уақытылы шығарылмауы және жолдардың сапасына байланысты мәселелер тұрғындарды алаңдатқаны белгілі болды.
@TazaQazBot телеграм боты 2024 жылдың маусым айында іске қосылды. Платформа арқылы әртүрлі экологиялық мәселелер бойынша өтініш пен шағым беруге болады. Өтінімді жіберу үшін авторизациядан өту, фотосуретті тіркеу, мекенжайды көрсету және мәселені қысқаша сипаттау жеткілікті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.