2024 жылы 6 748 өтініш түскен.
Адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесіне түскен өтініштер саны артқан
642
оқылды

Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 17%-ға көп. Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың айтуынша, арыз-шағымның басым бөлігі азаптаулар, әділ сотқа қол жеткізу мен цифрлық қауіптерге қатысты. Сотқа дейінгі тергеу органдарының әрекеттеріне байланысты шағым да жиілеген.   
Құқық бұзушылықтарды анықтау аясында жабық мекемелерге 800-ге жуық тексеру жүргізіліп, 97 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды. 4 қылмыстық іс тіркелген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.