АҚШ заңсыз жүрген шетелдіктерге айыппұл салуды бастайды.
ҚР-ның АҚШ-тағы елшілігі Америкадағы отандастарымызға мәлімдеме жасады
Фото: интернеттен алынды
1,876
оқылды

Егер азамат депортация шешімі бола тұра, еліне қайтпаған болса оған тәулігіне 998 АҚШ доллары көлемінде айыппұл салынады. Бұл ретте айыппұл салу ретроспективті түрде, яғни бес жыл бұрын елден кету туралы сот шешімі шыққан азаматтардан өндіріледі.

Осыған байланысты Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі Америкадағы отандастарымызға арнап маңызды хабарлама жариялады.

«АҚШ территориясында жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары! АҚШ билігі депортациялау туралы сот шешімі шыққан, бірақ, сонда да сол территорияда жүрген шетелдік азаматтарға «CBP Home» мобильді қосымшасын пайдаланып, қысқа уақытта өз еріктерімен отандарына қайтуға шақырады», - делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.