Көкшетауда полицейлер жоғалған баланы анасына аман-есен табыстады, — деп хабарлайды aikyn.kz. Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Көкшетауда жоғалған бала анасына табысталды
Фото: Polisia.kz
919
оқылды

Полиция қызметкерлері Арман Құттыбай мен Жәнібек Шакиров орталық базар маңында бала жоғалғаны туралы хабарлама алған. Көрсетілген мекенжайға жедел жеткен тәртіп сақшылары көше бойында жылап тұрған баланы және оның жалғыз жүргенін, анасын іздеп жүргенін айтқан әйелді кездестірді.

Жағдайға бірден үн қатқан полицейлер баланы жұбатып, қызметтік көлікке отырғызды. Көңілін аулап, сенімін арттыру мақсатында оған патрульдік көліктің ішін көрсетіп, жабдықтармен таныстырды. Кейін олар базар аумағын бірге аралап шыққан.

Біраз уақыттан соң көңілі орныққан түскен бала анасымен жиі баратын дүкендерді еске түсіріп, полицейлерге айтып берді. Осы ақпаратқа сүйене отырып, тәртіп сақшылары сауда үйлерін аралап, анасын іздеуге кіріскен.

“Бурабай” сауда үйінде баланы сатушылардың бірі танып, анасы оның тұрақты сатып алушысы екенін айтып, дереу байланысқа шықты. Полицейлер анасының келуін күтіп, баланы өз қолына табыстады.

Ал бұл уақытта анасы да баласын шыр-пыр болып іздеп жүр екен. Әйел сақшыларға бей-жай қарамай, қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.