Ақмола облысы прокуратурасының шаралары арқасында заңсыз берілген жер учаскесі қайтарылды, – деп хабарлады aikyn.kz. өңірлік прокуратураға сілтеме жасап.
Құны 6,4 миллион теңгеден асатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
475
оқылды

Шортанды ауданының прокуратурасы жер заңнамасының сақталуына жүргізген мониторинг нәтижесінде жергілікті атқарушы органның жер заңнамасын бұзғаны анықталды.
"Жергілікті атқарушы орган заңды бұза отырып, 461 гектар жайылымдық жерді жеке меншікке берген", – деп жазылған хабарламада.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде нарықтағы құны 6,4 млн теңгеден асатын жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.
Облыстық прокуратураның ақпаратынша, басым бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.