Қарағандылық полицейлер қызды суицидтен құтқарды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Polisia.kz мәліметінше, 19 сәуірге қараған түні Қарағанды қалалық полициясының жедел басқару орталығына тұрғындардың бірінің өз-өзіне қол салуға оқталғаны жөнінде дабыл түсті. Оқиға орнына дереу патрульдік полицияның жасағы жіберілді.
- Полицейлердің жедел әрі кәсіби іс-әрекетінің арқасында бойжеткен құтқарылды. Қызметтік борышына адалдық пен жоғары жауапкершілік танытқан тәртіп сақшыларының үйлесімді жұмысы қайғылы жағдайдың алдын алуға мүмкіндік берді, – деп жазылған хабарламада.