Бұл жайлы елорда әкімдігі хабарлады.
LRT құрылысына байланысты Қабанбай батыр мен Мәңгілік Ел даңғылдарында қозғалыс уақытша тоқтатылады
istockphoto.com
1,078
оқылды

Астанада LRT құрылысына байланысты Қабанбай батыр мен Мәңгілік Ел даңғылдарында көлік қозғалысы шектеледі, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Бұл жайлы елорда әкімдігі хабарлады. 

LRT құрылысының жоспарына сәйкес:
- 20 сәуір сағат 21.00-ден 25 қыркүйекке дейін 113 станцияда Министрліктер үйінен жерүсті жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысына байланысты, Сығанақ көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына (Достық көшесі бағытында) қарай, Арыс көпірінен қозғалатын көлік үшін оң жақты съездегі қозғалысты толық шектеу жоспарланып отыр.

- 22 сәуір сағат 22:00-ден бастап 20 қыркүйекке дейін Қабанбай батыр даңғылының «Астана Жұлдызы» стеласы жағынан Хусейн бен Талал көшесімен қиылысына жетпей 106-станция қасбетінің құрылысын орындау үшін, автожолды үш жолақтан бір жолаққа дейін тарылту жолымен шектеу енгізіледі.

- Елорда қонақтары мен тұрғындарынан қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұраймыз, сондай-ақ уақытша қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз, - деп жазылған хабарламада

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз