Өнер иесі екінші әйел алуды қолдамайтынын жеткізді.
«Бөтен жерде жатпауым керек...»: әнші Тоқтар Серіков екінші әйел алу туралы айтты
Фото: әлеуметтік желі
15,475
оқылды

Әнші Тоқтар Серіков екінші әйел алуға қатысты пікір білдірді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Өнер иесі екінші әйел алуды қолдамайтынын жеткізді.

"Екінші әйеліммен ұйықтап жатқанда аяқастынан бірінші үйімдегі балама ауадай қажет болып, балам тұрып мені іздеді, сонда мен қасынан табыла алмай қалдым. Қандай сорлылық? Мен ол баланың әкесімін бе, оның қасында міндетті түрде ұйықтауым керек. Бөтен жерде жатпауым керек. Мені таңертең балам иіскеп шығарып салады. Ал мен үйге қайтып келгенде басқа әйелдің исімен келетін болсам, не деген сорлы әке боламын? Әйелімнің көңіліне келмесін. Бірақ мен баламды әйелімнен жоғары қоямын. Балам менің бойымнан жаман қасиет көретін болса, мен тірі өлікпін. Балам мен үшін жылайтын болса, сол жерде өзімді атып тастауға бармын", - дейді ол.

Сонымен қатар әнші жұбайының қолынан шай ішкенді ұнататынын жеткізді.

«Бейбіт құйып бермесе, шай батпайды. Әйеліңе еркелей білген әбестік емес. Тектілігін, жақсы қасиетін басқа жерде көрсетсін, ел үшін, жұрт үшін көрсетсін. Әйелдің алдында мен мықтымын, сәл еркелесем, еркектігім әлсіреп қалады деген бос сөз. Әйелді бала туу үшін немесе рахатқа бату үшін алмайды. Әйел деген ер адамның елу пайызы, жартысы ғой», - дейді әнші журналист Әйгерім Сейфоллаға берген сұхбатында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.