Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы барша христиан қауымын Пасха мерекесімен құттықтады
Фото: Ақорда
309
оқылды

Президент елімізде тұратын барша христиандарды Пасха мерекесімен құттықтады.

Биыл Пасханы дүниежүзіндегі православ, католик және протестант қауымы бір күнде атап өтіп жатқанын, мұның символдық мәні зор екенін айтты.

«Басқа діндермен қатар христиан діні де қоғамымызда маңызды рөл атқарады. Ежелден биік гуманистік идеалдарды дәріптеп келе жатқан пасха дәстүрлері отбасылық құндылықтарды сақтауға және халқымыздың ынтымағын арттыруға ықпал етеді, азаматтарымызды мейірімділік пен келісімге шақырады», – деді Қ.Тоқаев.

«Жалпыұлттық бірлік, барша этнос пен конфессия өкілдері арасындағы татулық пен өзара түсіністік қашан да Қазақстанның тұрақты өсіп-өркендеуінің мызғымас тұғыры болып қала береді деп сенемін. Пасха мерекесі әр шаңырақты махаббат пен шаттыққа кенелтсін! Еліміздің әр азаматына зор денсаулық, бақ-береке және толағай табыс тілеймін!», – делінген Мемлекет басшысының құттықтауында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.