Шараның мақсаты – тек жол жүрісі қағидаларын сақтау емес, әрбір жол жүрісіне қатысушы үшін қауіпсіз орта қалыптастыру.
« Бүгінде жолда жасалатын әр құқық бұзушылыққа нөлдік төзімділік қағидатын қамтамасыз ету – басты мақсаттардың бірі. Себебі жылдамдықты асырған әр көлік, назарсыз қалған әр сәт біреудің өмірін қиып кетуі мүмкін. Әсіресе ересектердің немқұрайдылығынан балалардың жол апатында зардап шегуі – орны толмас қайғы. Алдымызда мейрам күндері және жазғы демалыс. Бұл балалардың сыртта көп жүретін уақыты. Сол себепті біз баршаңызды бүлдіршіндер мен жеткіншектерді жолда қараусыз қалдырмауға шақырамыз. Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету – тек полиция қызметі емес, жалпыға ортақ міндет. Еліміздегі әрбір жол қауіпсіз болу үшін жұмыла атсалысайық, – деді ІІМ әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.