Алматыда шетелде тіркелген, өтелмеген әкімшілік айыппұлдары бар көліктерді анықтау және ұстау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр деп, – хабарлайды aikyn.kz. Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Алматыда әкімшілік айыппұлдары өтелмеген 150 көлік анықталды
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
946
оқылды

Алматыда  жыл басынан бері әкімшілік айыппұлдары өтелмеген 150-ге жуық көлік анықталған. Олардың қатарында 4 миллион теңгеден астам айыппұлы төленбеген Mercedes, 2,8 миллион теңге берешегі бар Lada және 3,9 миллион теңге айыппұлы бар Toyota көлігі бар. Барлық аталған көлік арнайы айыппұл тұрағына жеткізілді.
«Полиция барлық көлік иелерін, әсіресе шетелдік нөмірмен жүрген азаматтарды әкімшілік айыппұлдарды уақытылы төлеуге шақырады. Бұл міндеттемелерді елемеу жауапкершіліктен босатпайды. Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тәртіп бұзушыларды анықтау жұмыстары жалғаса береді, – деді Алматы қалалық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.