Бұл туралы Ақ үй әкімшілігі хабарлады.
COVID-19 Қытайдың Ухань қаласындағы зертханада қолдан жасалған
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
694
оқылды

Тиісті мәлімет әкімшілік сайтында жарияланды. Онда бірнеше дәйек келтірілген. Мәселен, вирус табиғатта жоқ биологиялық сипатқа ие болғаны және Уханьда пневмонияны зерттеу бойынша арнайы зертхананың орналасқаны туралы мәліметтер келтірілген. Онда түрлі зерттеулер жүргізіледі. Бірақ мекемедегі биоқауіпсіздік деңгейі төмен.
Сондай-ақ зертхана ғалымдары COVID-19 белгілі болмай тұрып, бірнеше ай бұрын вирусқа ұқсас белгілермен ауырғаны да айтылып отыр. Әзірге Қытай тарабы Ақ үйдің сайтындағы бұл мәліметке қатысты түсініктеме берген жоқ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.