Алдын ала мәлімет бойынша, екі азаматтың өліміне өкпе артериясының тромбоэмболиясы мен жүрек жеткіліксіздігі себеп болуы мүмкін.
Алматыда марафон кезінде  екі адам қайтыс болды
Фото: интернеттен алынды
764
оқылды

«Almaty Half Marathon барысында екі қатысушы – 84 жастағы Аққоян Рсалиев пен 21 жастағы Нұрбол Ахмади қайтыс болды. Екеуі де жартылай марафон (21,1 км) қашықтығын жүгіріп өтіп жатқан және жарысқа тұрақты түрде қатысып жүрген жандар», – делінген хабарламада.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, Рсалиев жүгірудің бірінші шақырымында құлаған. Медициналық қызметкерлер 84 жастағы ер адамның жүрегі тоқтап қалғанын айтты. Шамамен бір сағаттан кейін 21 жастағы Нұрбол Ахмади есінен танып қалған. Дәрігерлер оқиға орнына жедел жеткенімен, ол да қайтыс болды.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.