Ақмола облысы аумағында өзен жағасындағы құрылыстар мен жолдарды су басу қаупі жоғары. Елді мекендерді су басу жағдайы тіркелген жоқ. Қазіргі таңда бірнеше гидрологиялық бекет бақылауға алынды.
Өткен тәулікте Державинск қаласындағы гидробекетінде су 9 сантиметрге көтеріліп, 853 см-ге жетті. Ал Каменный Карьер ауылындағы гидробекетте судың деңгейі 4 сантиметрге көтеріліп, 809 см-ге жеткен. Екі жағдай да қауіпті деңгейден жоғары көрсеткіш.
«Қауіпті межеден асқан жағдайда, елді мекендерді, шаруашылық құрылыстарын және жергілікті маңыздағы жолдарды, сонымен қатар өзеннің жайылма аумақтарындағы нысандарды су басу қаупі сақталады, – делінген ТЖМ мәліметінде.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.