Уақытша шектеу шаралары LRT құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарына байланысты енгізіліп отыр.
Астана қаласында екі учаскеде көлік қозғалысына шектеу қойылды
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
655
оқылды

«Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы қала тұрғындары мен қонақтарын Оқжетпес көшесінен тұйыққа дейінгі учаскеде Ш. Бөкеев көшесінің орташа жөндеу бойынша жұмыстардың басталғаны туралы хабардар етеді, – деп жазды елорданың ресми сайты.  

20 мен 30 сәуір аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылады. Сондықтан Астана қаласының әкімдігі жүргізушілер жүру бағыттарын алдын ала жоспарлауын сұрайды.

«Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады. Осы өзгерістерге түсіністікпен қарауды және қала бойынша қозғалыстарды жоспарлау кезінде оларды алдын ала ескеруді сұраймыз», – делінген таратылған хабарламада.  

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.