Іс-шараны «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» ұйымдастырды.
Қазақстанда «Жасыл» технологияларды өнеркәсіпке енгізу перспективалары талқыланды
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
644
оқылды

Онда қатысушылар экологиялық стартаптардың қазақстандық өнеркәсіптің өндірістік процестеріне интеграциялану перспективаларын талқылады. Сонымен қатар орнықты шешімдерді масштабтаудың бар кедергілері мен мүмкіндіктерін айқындады, инновациялық технологияларды дамытудағы ғылымның, бизнестің және мемлекеттің рөлін қарастырды.

Ашық диалог форматында министр QazInnovation қоры өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, сондай-ақ озық климаттық және ресурс үнемдеу жобаларын іске асыратын GCIP-Kazakhstan финалистер командаларымен тікелей сөйлесті.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «Қазақстан өнеркәсібіне «жасыл» технологияларды енгізудің болашағы» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.