22–24 сәуір аралығында Жерде үш күндік магниттік дауыл болады деп күтілуде, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Бұл жайлы tengrinews.kz жазды. Синоптик Михаил Леустің айтуынша, бұл құбылыс Жердің магнит өрісіндегі уақытша өзгерістермен байланысты, сондықтан оның ұзаққа созылуы немесе күшті болуы күтілмейді.
Магниттік дауылдар 22 сәуір күні түстен кейін басталып, кешке қарай әлсізден орташа деңгейге дейін (G1–G2 класы) жетуі мүмкін. Мамандар бұл құбылыстың шамамен үш күнге созылатынын болжауда.
Магниттік дауыл кезінде кейбір адамдарда әлсіздік, бас ауруы немесе ұйқысыздық сияқты белгілер пайда болуы мүмкін. Сондықтан осы күндері денсаулыққа мұқият болып, қажет болған жағдайда дәрігерге жүгінген жөн.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз