Бұл — олардың биылғы маусымдағы алғашқы жеңісі және W100 санатындағы алғашқы бірлескен жетістігі
Жібек Құламбаева Мадридтегі W100 турнирінде чемпион атанды
Қазақстан теннис федерациясы
689
оқылды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева италиялық әріптесі Николь Фосса Уэрго екеуі Мадридте өткен W100 санатындағы турнирдің жұптық сында жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

Финалда Құламбаева мен Уэрго испаниялық Марина Бассольс пен Андреа Ласаро Гарсияны жеңді. Бірінші сетте испандықтар жеңіске жетті — 7:6 (9:7), алайда екінші сетте Жібек пен Николь есесін қайтарды — 7:6 (7:4). Жеңіс тағдырын шешкен чемпиондық тай-брейкте Қазақстан мен Италия өкілдері қарсыластарын 10:4 есебімен басып озды.

Бұл Құламбаева мен Уэргоның бірге жеңіп алған бесінші титулы. Алайда, бұл — олардың биылғы маусымдағы алғашқы жеңісі және W100 санатындағы алғашқы бірлескен жетістігі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз