Финалда алаң қожайындарымен ойнады
Өзбекстан U-17 жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионы атанды
istockphoto.com
870
оқылды

Финалда турнир иесі Сауд Арабиясымен кездескен Өзбекстан сенсациялық жеңіске жетті, , – деп хабарлайды Аikyn.kz

"Спорт Шредингера" телеграм каналының ақпаратына сәйкес, бірінші таймның өзінде екі ойыншысы алаңнан қуылғанына қарамастан (9 ойыншы ғана қалды), өзбектер төтеп беріп қана қоймай, қарсыластар қақпасына екі гол соқты.

Бұл Өзбекстанның осы жас санатындағы екінші Азия чемпиондығы — алғаш рет 2012 жылы (ол кезде U-16) жеңіске жеткен болатын. Енді қараша айында Өзбекстан құрамасы Катарда өтетін әлем чемпионатына қатысады.

Айта кетейік, Тәжікстан құрамасы да жарқырап көрінді — олар ширек финалға дейін жетіп, Оңтүстік Кореямен 2:2 есебімен тең ойнап, пенальтиде жол берді.

ӨЗБЕКСТАН 2 : 0 САУД АРАБИЯСЫ
40'  Нурбек Сарсенбаев — қызыл карточка
45+2'  Миразиз Абдукаримов — қызыл карточка
51' Мухаммад Хакимов — пенальтиден гол
70' Садриддин Хасанов — екінші гол

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз