Бұл сұраққа Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов жауап берді.
KazSat спутниктері қан­дай қыз­мет атқаруда?
istockphoto.com
656
оқылды

KazSat-2 және KazSat-3 те­ле­радио хабарларын тарату, теле­фония мен интернет қызметі сияқты телекоммуникациялық қызметтер көрсетуге арналғанын білеміз. Жал­пы, отандық спутниктер тағы қан­дай қыз­меттер атқаруда?

Бұл сұраққа Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетов Aiqyn газетінің тілшісіне берген сұхбатында  жауап берді.

KazSat сериялы спутниктердің ресурс­тарында спутниктік байланыс пен ұлттық телерадио хабарларын та­ра­тудың түрлі қызметтері қам­тама­сыз етіледі. Байланыс опера­тор­лары мен мемлекеттік құ­­­­­­­­­­ры­­­­­­­­­­­­лым­­­дар түпкілікті тұтыну­шы­ларға түрлі телекоммуникация­лық қызметтер көрсету, оның ішін­де интернет желісіне, мо­бильді бай­ланыс пен телерадио хабарларын тарату үшін KazSat ғарыштық байланыс жүйесінің қуатын пай­даланады.

Қазақстанда KazSat ресурстар базасында спутниктік байланыс желілерін ұйымдастыру KazSat-2 ғарыш аппараты пайдалануға берілгеннен кейін, 2011 жылдан басталды. 

Сол уақытқа дейін отандық байланыс операторлары қымбат жалға алу шарттарымен және ел­ден тыс жерлерге қомақты қаржы төлеумен шетелдік компа­ния­лардың гео­стационарлық спут­никтерінің ресурс­тарын пайда­ланды. Ал KazSat пайда­лану­дың бар­лық кезеңін­де 100 пайыз спутник­тік сыйым­дылықтың ішкі нары­ғындағы қазақ­стан­дық сегменттің үлесін қам­тамасыз ете отырып, транс­пон­­дерлік сыйымдылықты жалға беру бойынша шетелдік қыз­меттерді отандық қызмет­термен алмастыруды қамтамасыз ете алды.

Қазіргі таңда KazSat ресурсын пайдаланатын Қазақстанның спу­т­никтік байланыс оператор­лары мен ұйымдарының саны – 18. Сондай-ақ Otau-TV ұлттық теле­хабарының 1,5 миллион, «Алма Телекоммуникейшнс Қазақстан» АҚ ұлттық телехабар таратудың 0,6 миллион абоненті бар. 176 ауыл­дық елді мекен «ци­фрлық» теңсіз­дікті жою жөніндегі мемле­кет­тік әлеуметтік жоба шеңберінде Ин­тернетке қосылған. Транс­пондер­лік сыйымдылық қызмет­терін ұсы­нудан алынған табыс – 69,4 млрд теңге, -  деді Аэроғарыш комитетінің төрағасы

Сұхбатты мына сілтемеден  толық оқи аласыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз