Белгілі кәсіпкер Айдын Рахымбаев таңмен таласа тұрып, жұмыс істеген отбасының еңбекқорлығына сүйсінді, – деп жазды Aikyn.kz.
Кәсіпкер таңғы серуенге шыққан кезде самса пісіріп жатқан ерлі-зайыптыны көрген. Ол қала енді ғана оянған уақытта жұмысқа кірісіп кеткен отбасының кәсібіне береке тіледі.
«Шымкент, таңғы сағат 6.45. Серуендеуге шықтым, Rixos-тан екі квартал жерде, көше қиылысында бір отбасы қызып тұрған тандыр пешке самса салып үлгеріпті! Мен мұндай адамдарды, өз ісінің майталмандарын әрқашан құрметтейтінмін. Қала енді ғана оянып, жұмысқа кетіп жатыр, ал бұл жерде ыстық самса дайын тұр. Мен олардың игі істеріне сәттілік пен береке тіледім. Шымқала әрқашан осындай дәстүрімен қуантады. «Ерте тұрған еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі артық. Еңбек адамдарына сәттілік тілеймін, жұмыстарыңызға береке берсін!» – деді Айдын Рахымбаев.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.