Ілияс Сариев есімді блогер халықтан қаржы жинап, 2023 жылдың қыркүйегінде Назгүл мен Құндызға үйдің сертификатын табыстаған.
«Халық қомақты ақша жинап берді»: 17 жыл құлдықта болған қыздарға берілуі тиіс үй бөтен адамға сатылып кеткен (видео)
Фото: видеодан кадр
3,353
оқылды

Түркістан облысында ұзақ уақыт бойы құлдықта болған апалы-сіңлілі Назгүл мен Құндызға берілуі тиіс үй бөтен адамға сатылып кеткені белгілі болды, – деп жазды Aikyn.kz. 

Ілияс Сариев есімді блогер халықтан қаржы жинап, 2023 жылдың қыркүйегінде Назгүл мен Құндызға үйдің сертификатын табыстаған. Алайда баспана сол күйі берілмеген. Журналист Руслан Өтепбай Алматы облысындағы Кемертоған ауылына барып, мәселені анықтады.

«Ілияс Сариев берген Құндыз бен Назгүлдің үйі қайда? 2022 жылдың жаз айында Ілияс Сариев «Елге көмек» қайырымдылық қорының атынан Алматы облысы, Қарасай ауданы, Кемертоған ауылынан 10 мұқтаж жанға тегін баспана береміз деп, елден садақа жинайды. Кімнің есепшотына десеңіздер, айтайын. Әлгі ММ Травелдің иесі Ақтоты Болатқызының қалтасы майланады. «Елдің үйі» деген тамаша атты иеленген баспанаға секунд сайын қалың қазақ қомақты сома салады» - дейді журналист.

Айтуынша, 45 млн теңгеге сатылымға шығарылған бұл үй өткен жылдың қараша айында сатылып кеткен. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM   арнасынан табасыз.