Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот төрелігі академиясы ғылыми ұйым мәртебесіне ие болды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Сот төрелігі академиясын дамыту тұжырымдамасын іске асырудың және аккредиттеуге дайындықтың әр кезеңінде Төраға Д.Малахов бастаған Жоғары Сот Кеңесінің қолдауы шешуші рөл атқарып, нәтижеге жеткізген.
Жаңа мәртебе ғылыми қаржыландыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтеді және Академияның сот реформасын сүйемелдеуге қосқан үлесін күшейтеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.