Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігі хабарлады.
Биыл Қарағанды облысында 673 шақырым автожол жөнделеді
Фото: Қарағанды облысы әкімдігі
383
оқылды

Биыл Қарағанды облысында 673 шақырым автожолды жөндеу жоспарланған. Жұмыстар республикалық және облыстық жолдарды, сондай-ақ қалалар мен ауылдардың ішіндегі жолдарды қамтиды. Әрбір нысан мамандардың оң қорытындысы болған жағдайда ғана тапсырылады.

«Жолдар жоғары жүктемеге төтеп беруі үшін асфальт екі қабат етіп төселеді. Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» арнайы жобасы бойынша 7 ауданда 110 шақырымды қамту жоспарланып отыр. Жоба арқылы іргелес аумақтар, жол жиектері мен тротуарлар да абаттандырылады», – деді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мақсат Мұқашев.  

 

Өңірде Нұра, Шерубай-Нұра және Есіл өзендері арқылы өтетін үш көпір қайта жөнделеді. Мәселен, биыл Қарағанды-Тоғызқұдық, Осакаровка-Молодежный және Саран жағына шығу жолдары жаңартылады.  Осы жылы Қарағанды-Балқаш автожолын жөндеу аяқталады. 

Сондай-ақ республикалық маңызы бар негізгі жолдардың 232 шақырымы орташа жөндеумен қамтылады.  Жезқазған-Қарағанды автожолын жөндеуге жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу аяқталды. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.