Қасым-Жомарт Тоқаев «Таза Қазақстан» экофестиваліне арналған көрме экспозицияларын аралап көрді, – деп хабарлайды Аikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мұнда қоқыс өңдеу, өндірістік кәсіпорындар жобалары, табиғат тазалығы бойынша стартаптар, мектеп оқушыларының экологиялық бастамалары, сонымен қатар балалардың қоршаған орта тақырыбына арналған шығармашылық жұмыстары қойылған.
Көрмеде Президентке Ә.Марғұлан атындағы №40 мектеп-лицейдің 5-сынып оқушылары Нұрбақыт Ермекұлы мен Айзат Ержанқызы Есіл өзенін тазалап, сақтауға қатысты жобаларын таныстырды.
Атыраулық оқушы Аружан Ғалымжан Президентке суды үнемдеуге үндейтін суреттерін көрсетті.
«Таза Қазақстан» бастамасы бойынша ұйымдастырылған шығармашылық байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен мыңнан астам оқушы қатысқан болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.