Қазақстан мен Италия теннисшілері 10:4 есебімен жеңіске жетті.
Қазақстандық теннисші Мадридте өткен турнирде чемпион атанды
Фото: ҰОК
693
оқылды

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева мен италиялық Николь Фосса Уэрго Испанияның Мадрид қаласында өткен W100 сериялы турнирдің жұптық сайысында чемпион атанды  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Olimpic.kz мәліметінше, финалда олар испаниялық Марина Бассольс пен Андреа Ласаро Гарсияны жеңді. Бірінші сетте қарсыластары басым түсті  7:6 (9:7). Екінші сетте Жібек пен Николь жеңіске жетті  7:6 (7:4).

Кездесудің тағдыры шешуші тай-брейкте шешілді. Бұл жерде Қазақстан мен Италия теннисшілері 10:4 есебімен жеңіске жетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.