Жол апатына түскен көліктің бірін мектеп оқушысы басқарған.
Батыс Қазақстанда жол апатынан екі жасөспірім қаза тапты
Фото: istockphoto
1,720
оқылды

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан екі жасөспірім көз жұмды. Қайғылы оқиға 21 сәуір күні Переметное-Белес тасжолында болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.

Жол апатына түскен көліктің бірін мектеп оқушысы басқарған. 

– Бүгін, сағат 11 шамасында Jac N56 және ВАЗ-2110 автокөліктері соқтығысты. Апат салдарынан жеңіл көліктің рулінде болған жасөспірім мен қасындағы жолаушы қайтыс болды. Жеңіл көлікте 2008 жылғы және 2010 жылғы жасөспірімдер болған.  Оқиғаға қатысты қылмыстық істі тергеу басталды, – деп мәлімдеді БҚО ПД баспасөз қызметі.

Жанат Қайырғожина, Батыс Қазақстан облысы

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.