Grand Slam турнирі 9-11 мамыр аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.
Астанада дзюдодан Grand Slam турнирі өтеді
Фото: istockphoto
1,272
оқылды

Астана қаласында үшінші рет дзюдодан Grand Slam сериясындағы әлемдік рейтингтік турнир өтеді,  деп хабарлайды Aikyn.kz Федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Беделді турнир 9-11 мамыр аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.

Турнир қорытындысы бойынша, IJF ережелеріне сәйкес, жеңімпаздар мен жүлдегерлерге әлемдік және олимпиадалық рейтингке ұпайлар беріледі.

Атап айтқанда, 1-орын алған спортшыға  1 000 ұпай, 2-орынға  700 ұпай, ал 3-орынға  500 ұпай жазылады.

Еске сала кетейік, 2023 жылы Қазақстан дзюдо федерациясы Халықаралық дзюдо федерациясымен (IJF) төрт жылдық келісімшартқа қол қойған болатын. Бұл келісім бойынша Қазақстан 2026 жылға дейін Grand Slam сериясындағы турнирлерді қабылдайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.