Оқиға қала әкімдігінің жанында болған.
Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті – БАҚ
Фото: Руслан Берденов / Facebook
1,026
оқылды

Руслан Берденов жарақат алып, ауруханаға түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Kazinform агенттігіне сілтеме жасап. 

Оқиға қала әкімдігінің жанында болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, күдікті шенеунікке қарай үш рет оқ атқан.

Құқық қорғау органдары шабуыл жасаған адамды тез арада қолға түсірді. Руслан Берденов «оң жамбасы мен иығына оқ тиген» деген алдын ала диагнозбен ауруханаға жеткізілді.

Еске салайық, Руслан Берденов Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне ақпан айының соңында кірісті. Оған дейін Мәжіліс депутаты болған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.