Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кеткен оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қалалық Полиция департаменті күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.
«2025 жылғы 21 сәуірде Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының жанында атыс оқиғасы болды. Оқиға салдарынан әкімдік қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оған қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Аталған қылмысты жасаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», – деді Полиция департаментінен.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқиғаның барлық мән-жайы тергеу барысында анықталады.
Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.