Жеңістің 80 жылдығына арналған республикалық жазба ақындар мүшәйрасының жүлде қоры – 3 миллион теңге.
Мүшәйра мақсаты:
– Жеңісті жырлау, батырлар ерлігін насихаттау,
– Әскери-патриоттық рухты көтеру,
– Қазіргі Отан қорғаушыларын қолдау және олар жайлы поэзиялық туындылар қалыптастыру.
Мүшәйра 2 номинациядан тұрады:
1-номинация: Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен қазақстандық батырлар, қаһармандық, патриотизм және Жеңіс тақырыбындағы 1 өлең.
2-номинация: Қазіргі Отан қорғаушыларына арналған, Қарулы күштердің түрлері мен әскер тектері (танкист, ұшқыш, теңізші, артиллерист, барлаушы, байланысшы, десант т.б) өкілдерінің бейнесін сипаттайтын, ән мәтініне лайық 1 өлең. Бұл номинация бойынша үздік шығармаларға ән жазылып, Қарулы күштер шығармашылық ұжымдарының репертуарына енгізіледі (автормен келісім бойынша).
Қатысу шарттары:
– Мүшәйраға 50 жасқа дейінгі ақындар қатыса алады;
– Бұған дейін жарияланбаған, ешбір байқауға қатыспаған туындылар ғана қабылданады;
– Өлең көлемі 2 беттен аспауы тиіс (электронды нұсқада);
– Шығармаға автор туралы қысқаша мәлімет, байланыс телефоны, жеке куәлігінің көшірмесі міндетті түрде қосылуы керек.
Шығармаларды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 30 мамырға дейін.
Электронды пошта: asker_mushaira@mail.kz
Қорытынды кеш: 2025 жылғы 10 маусым күні өтеді.
Жүлдегерлер ғана арнайы шақырылады.
Жол шығындары – қатысушылар тарапынан.
ЖҮЛДЕ ҚОРЫ – 3 000 000 ТЕҢГЕ!
Лайықты деген 10 ақынға 300 000 теңгеден жүлде табысталады!