Мемлекет басшысына елорданы көгалдандыру және абаттандыру жоспары таныстырылды.
Елорда жасыл желекке оранады
321
оқылды

Жеңіс Қасымбек биыл Астана қа­ла­сында 1 миллионнан астам түп жа­сыл желек егу жоспарланғанын айт­ты. Сонымен қатар 180-нен аса қо­ғамдық кеңістік пен ауланы абат­тан­дыру көзделіп отырғанын жет­кізді.

Аталған жұмыстар шаһардың та­рихи көшелерінде, Президент сая­­бағында, Үкімет үйінің айна­ла­сын­да, Есіл өзенінің жағалауында, «Мың­жылдық» аллеясында, Триат­лон паркінде, Greenline буль­ва­рын­да, Желілік саябақта, вокзал маңы мен Иллюзия паркінде, Сығанақ, Ш.Қалдаяқов, Гете, Біржан сал жә­не басқа да көшелердің бойында жүр­гізіледі.

Сондай-ақ Ақбұлақ өзенінің ар­насын тазалау жалғасады. Келесі айда «Қазақстан» спорт кешенін жаң­ғырту жұмыстары басталады.

Астанада ағаштарды құжаттан­дыру және цифрландыру арқылы есеп­ке алу шаралары қолға алынады. Қала тұрғындары QR кодтың кө­ме­гімен ағаш туралы ақпарат алып, оған қатысты мәселе туындаса тиіс­ті органдарға хабарлау мүмкіндігіне ие болады.