22-23 сәуір аралығында Алматыда «Көне аспаптар шеруі» халықаралық фольклорлық музыка фестивалі өтеді.
Көне аспаптар шеруі
329
оқылды

Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясында өтетін фестивальда Қазақстан, Қытай, Ресей және басқа елдерден халық аспаптарын меңгерген шеберлер, орындаушылар мен зерттеушілер бас қосады.

Іс-шараның мақсаты – қазақтың бай музыка мәдениеті мен тереңдігін көрсететін аспаптық орындау­шылықтың сирек кездесетін және ұмыт болып бара жатқан дәстүрін сақтау және насихаттау. Фестиваль ұрпақтар сабақтастығы, мәдениеттер мен орындаушылық мектептер арасындағы диалог үшін ерекше алаңға айналады.

Бағдарламада аспаптардың жасалу технологиясы мен тарихы туралы шеберлік сабақтар мен арнайы дәрістер, фольклорлық аспаптарды сақтау және өндіру мәселелері бойынша дөңгелек үстел, шығармашылық кездесулер, ұстаздар, студенттер және шақырылған орындаушылардың қатысуымен концерттер ұйымдастырылады.