Балуанның таңдауы Фируза есімді қызға түскен.
Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан үйленді (видео)
Фото: instagram.com/firuuuzka
1,236
оқылды

Еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан отбасын құрды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Спортшының тойы Астана қаласында өткен. Белгілі блогер Иван Червинский тойға барып, Instagram желісіндегі парақшасында видео жариялады.

"Бүгін әлемнің үздік бапкерлерінің бірі және әлем чемпионын тәрбиелеп, өсірген Қанат Жолдасбаев үлкен той жасады. Ол ұлын – танымал спортшы ғана емес, нағыз интеллигент Ризабек Айтмұханды үйлендірді. Астанадағы салтанатты мерекеде Қазақстан мен әлемнің спорт жұлдыздарының ортасында мен де болдым, той өте әсерлі өтті. Әрине, тойдың басты себебі Солтүстік Қазақстан облысы Қызылту ауылының тумасы, Қазақстанның еркін күрес шебері, талантты балуан Ризабек Қанатұлы. Ол – Қазақстан тарихында еркін күрестен әлем чемпионы атанған тұңғыш спортшы. Сондықтан мен біздің Ризабектің өміріндегі тағы бір тарихи сәтке куә болғаныма қуаныштымын", – деді Иван Червинский желіде.

Айта кетейік, балуанның таңдауы Фируза есімді қызға түскен. Қалыңдық да спортшы: спорттық гимнастикамен айналысады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от АЛГА КАЗАХСТАН (@alga.peterburg)

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.