Әнші Қарақат Әбілдина жары Қыдырәлі Болманов сырқаттанып, Германияға барып ем алғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі журналист Әйгерім Сейфолланың “Сырласу” бағдарламасында қонақ болып, отбасындағы жағдайды баяндады.
“Қыдекеңнің денсаулығы сыр бергені жасырын емес. 2-3 жылдан бері денсаулықпен сыналып жүр. Былтыр Германияға барып, емделіп келді. Отбасымызға қатысты дүние болғандықтан, бүге-шүгесіне дейін айтпай-ақ қояйын. Қазір медицинаның дамыған заманында барлық сырқаттың емі бар. Жақсы дәрігерлерден ем алды. Дер кезінде медициналық көмек көрсетті. ...Пандемия кезінде анам дүниеден өтті. Екі айдан кейін қызымды дүниеге әкелдім. Бәріміз үйде болдық. Сол кезде қатты күйзеліске түскенім бар. Ондай жағдай өмірімде бірінші рет болған. Содан менің күйімді көріп, Қыдекең Түркияға алып кетті. Ішкі-мұң мен көз жасымды теңізге тастап келейінші деп бардым. Ол жақта біраз тұрдық. Ауыр мұңнан арылғандай күй кештім”, – деді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.