Жиналған қаражат аутизм және басқа менталдық бұзылысы бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеттерін ашуға бағытталатын болады. Жарысты ұйымдастырушы – «Болашақ» қоры.
2023 жылдан бастап Run for autism жарысына 3 351 адам, оның ішінде 200-ден аса ерекше бала қатысты. Екі жыл ішінде 20 миллион теңгеден астам қайырымдылық қаражат жиналды, оған Астана қаласы балабақшаларында 10 инклюзияны қолдау кабинеті ашылды. Соның арқасында аутизм және дамуында басқа ерекшеліктері бар 80-нен астам бала сүйемелдеумен алғаш рет балабақшаға барды.
Биылғы жүгіру жалпы менталдық денсаулыққа – аутизм, депрессия, мазасыздық және басқа да ерекше менталдық күйдегі адамдарды қолдауға арналған. Жүгіру 1 км, 2,5 км, 5 км, 10 км қашықтық бойынша өтеді. Run for autism аясында ерекше балаларға арналған «Көңілді старттар» спорттық ойын-сауық эстафетасы өтеді.
Іс-шараға кәсіби спортшылар, жүгірушілер, блогерлер, ерекше балалар мен олардың ата-анасы, ерекше балалармен жұмыс істейтін мамандар мен педагогтер және басқалар қатысады.
Орны мен күні: Астана қаласы, Ботаникалық бақ, 2025 жылғы 26 сәуір, старт сағ. 08:00-де.
Жүгіруге тіркелу: https://runforautism.kz/sign-in
«Көңілді старттар» эстафетасына тіркелу: https://surl.li/hsexsw
Назар аударыңыз: 23 сәуір – жүгіруге тіркелудің соңғы күні.