Әйелдер теннисі қауымдастығы әлемдік тізімді жаңартты.
Рыбакина рейтингіде алдыңғы ондықтан шығып қалды
Фото: интернеттен алынды
328
оқылды

Әйелдер теннисінің соңғы нәтижелері сараланды. Оған сәйкес, Елена Рыбакина 10-орыннан 11-орынға сырғыды. 2024 жылы Рыбакина WTA рейтингінде үздік бестікке енген. Алайда, денсаулығына байланысты бірнеше жарысқа қатыспаған.

Әлемдік тізімнің алдыңғы үштігі өзгерген жоқ. Беларусь өкілі Арина Соболенко көш бастап тұр, екінші орында польшалық Ига Швёнтек. Ал үшінші орында америкалық Джессика Пегула.

Сонымен қатар жаңартылған тізімде Юлия Путинцева 24-ші орында, Жібек Құламбаева – 314-ші, Зарина Диас – 326-шы, ал Анна Данилина – 896-шы сатыға тұрақтаған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз