Халықаралық сайысқа Ресей, Моңғолия, Мажарстан, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстаннан спортшылар келген. Байрақты бәсекеге 100-ден аса спортшы қатысып жатыр. Барлығы 7 команда бақ сынайды. Спортшылар 6 салмақ бойынша сынға түседі. Чемпионаттың алғашқы күнінде 60 келіден 90 келіге дейінгі сайыстар аяқталды. Барлық төрт салмақта біздің жігіттер жеңімпаз атанды.
Бүгін 100 келі және одан жоғары салмақтағы жігіттер додаға түседі. Жеңімпаздарға Аударыспақтан халықаралық спорт шебері атағы беріледі. Жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен және медальдармен марапатталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз